Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Медресеге қабылдау емтиханы өтті

24.08.2015 3921 0 пікір

Ислам діні − ілім алуға, сауатты болуға шақыратын дін. Алла Тағала ең алғаш Құран аяттарын уахи еткенде «Алақ» сүресінде: «Оқы! Жаратқан Раббыңның атымен оқы!» - деген.

Демек, алғашқы аяттар тек оқу керектігін меңзеп тұр. Бұл Алла Тағаланың бізге бұйырған әмірі. Алайда аятта қай ілім саласын оқу керектігі айтылмаған, бұл аят жалпылама ілім алуды, сауатты болуды бұйырып тұр. Сонымен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) хадис-шарифінде: «Ілім алу әрбір мұсылман ер мен әйел кісіге парыз» - деген. Сол үшін адам өмірінде діни ілімнің де, дүниеуи ілімнің де алатын орны ерекше.

Осынау Құран аяты мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадисіне амал еткен ұстаздарымыз Бестамақ ауылындағы «Ақтөбе» медресесіне шәкірттерді қабылдау емтиханын өткізді.

Медреседе білім алуға ниеттенген түлектер емтихан тапсырып, бақтарын сынады. Сынаққа Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің Бас имамы, әрі медресе директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы төрағалық етіп, комиссия құрамында Бауыржан Нұрғалиев, Марат Жаппасбаев және Абат Жалимов болды.

Ұстаздар оқуға ынталы талапкерлердің арнаулы пәндерден білім деңгейлерін анықтап, байқау талаптарына сәйкес қабылдау жүргізді. Барлық шәкірттер білімдерін тиісті деңгейде көрсете алып, емтихан ойдағыдай қорытындыланды. 

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру