ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жылдық жоспарына сәйкес кезекті қала имамдарына арналған оқу семинары басталды.
Аталмыш семинарға қалаға қарасты барлық мешіттердің молдалары қатысуда. Семинарды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы, ұстаз Гаджиев Мұхтар жүргізуде.
«Алла Тағала кімге жақсылықты қаласа, соған дінді терең түсінуді нәсіп етеді», – деген. Демек, дінді түсіну, оған амал ету, Исламды насихаттау – жауапкершілігі мол, мәртебелі еңбек.
Осы бағыттағы Ислам дінінің негізгі талаптарын, діни сауаттылықты, қасиетті Құран оқудың ерекшелігі мен молдаларға қойылатын талаптар бағыты семинарға негіз болуда.
Негізінен молла (араб.: المُلَّا /әл-мулла/ – мырза, әмірші, парс. мелла, молдо – ұстаз, діни ғұлама) – шариғат білгірі, діни рәсімдерді атқарушы, ұстаз дегенді аңғартатын болса, молдалардың білімін шыңдап, олардың біліктілігін арттырып отыру маңызды шаралардың бірі.
Аталмыш бағыттағы жұмыс алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.08.2015
2866
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру