Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАЖЫЛЫҚ КУРСЫ БАСТАЛДЫ

22.08.2015 3186 0 пікір

Шымкент қаласы облыстық орталық мешіттің ұйытқы болуымен мешіт жанынан қысқа мерзімді  “Қажылық”  курстары ұйымдастырылуда.

Курсты облыс имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров ашып, жіргізіп отырды. Сонымен қатар, курс ашылу рәсіміне облыс аумағында қызмет етіп жүрген “Сембекова и К”,  “Әл Маруа”, “Ордабасы НЖ” және “Иман-Тур” қажылық фирмаларының басшылары және қажылыққа ниет еткен азаматтар  қатысты.

Курс барысында ҚМДБ-ның жанынан құрылған Қажылық миссиясының қабылданған шешімдері мен мәлімдемелері кеңінен насихатталуда. Мұнымен қатар, апта бойы жүргізілетін курс барысында қажылықтың толық шарттарымен ережелері толық түсіндіріледі.

Бұл қажылық курсы қыркүйек айының 10-на дейін жалғасады.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру