Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әбу-Ханифа» медресесі талапкерлер қабылдады

21.08.2015 3364 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты медреселерде 2015-2016 жаңа оқу жылына шәкірттерді  қабылдау емтиханы басталды.

Жылдағы есеппен салыстырғанда осы жылғы медресеге түсуге ниетті шәкірттердің саны едәуір артқан. Бүгін «Әбу-Ханифа» медресесінде 70 астам шәкірт қабылдау емтиханынан өтті. Шәкірттерден ҚМДБ-ның Білім және ғылым бөлімінің маманы Марат Жаппасбаев, Алматы  орталық мешітінің наиб имамы Жорабай Дулатбаев, медресе директорының орынбасары Жолдыбаев Данияр емтихан қабылдады.

Аталмыш медреседегі оқу үрдісі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан бекітілген және ҚР БҒМ-мен келісілген экспериментальды оқу жоспарының негізінде жүргізілуде. Оқу бағдарламасына діни пәндермен қатар зайырлы пәндер де енгізілген. Барлық оқу пәндерінің жұмыс жоспары ҚМДБ Білім және ғылым бөлімі тарапынан әзірленген. Оқушылардың білімін тексеру мақсатында ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулар ұйымдастырылып, білім алушылар жетістігі балдық рейтинг жүйе бойынша тексеріледі.

Сонымен қатар, оқу орнында 5000-нан астам діни әдебиеттер бар. Қазақ тіліндегі гуманитарлық, әдеби қоғамдық бағыттағы оқулықтар саны 1500-ге жуық. Сонымен қатар, кітапхана қорында ғылыми-ағартушылық бағыттағы журналдар, электрондық оқулықтар, бейнематериалдар, ғылыми материалдар жинақталған. 

Алматы Ораталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру