Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодарда ғылыми-тәжірибелік конференция өтуде

20.08.2015 3096 0 пікір

Павлодар қаласында үстіміздегі айдың 19-20 күндер аралығында өтетін «Елдегі және әлемдегі қазіргі діни үдерістермен байланыста радикалдық діни ағымдарға қарсы іс-қимыл жасау» тақырыбында 3-республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция  өз жұмысын  бастады. Діни радикализмге қарсы іс-қимыл жасау саласында жұмыс істеп жүрген мамандар мен діни бірлестіктің өкілдеріне жұмыстың жаңа әдістеріне оқыту, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауының аясында мемлекеттік конфессияаралық саясатты іске асыру, тыңдаушылардың кәсіби білімі мен дағдыларын арттыру мақсатында ұйымдастырылап жатқан бұл конференция жұмысына конфессияаралық қарым-қатынастар мәселесімен шұғылданатын мемлекеттік қызметкерлер, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерімен бірге облыстағы барлық қала, аудан, ауыл мешіті имамдары да толығымен қатысуда.

 Екі күнге созылатын бұл конференция жұмысына  елімізге танымал теолог-дінтанушы Ерсін Әміре және Шоқаев Еркінбек, сонымен қатар Павлодар, Шығыс Қазақстан, Атырау облысының дін істері басқармасының жауапты қызметшілері тағы басқа да білікті мамандар  қатысып  тыңдаушылардың теологиялық білімдерінің деңгейін арттыру бағытында баяндамалар, лекциялар, лекция-әңгімелесулер, пікірталастар, практикалық сабақтар, тренингтер, шеберлік сыныптарын өткізеді. Соңында конференция жұмысын қорытындылап облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті және Екібастұз қалалық мешіті жамағаттарымен кездесу, уағыз-насихат жұмыстарын да қоса жүргізетін болады.

Конференция секциялық жұмысы фокус-топтарға бөлініп жалғасуда. Бұл шаралардың тиімді ұйымдастырылып өтуіне облыстық өкіл имам Н.Исенов, наиб имам Н.Манапбаев, облысымыздағы білікті де білімді имамдар Отарбаев Бауыржан мен Жолдас Қоспақұлы белсене атсалысуда. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру