ҚМДБ Жалпы және жастар бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы Алматы облысындағы Керімағаш ауылындағы "Сүлеймен" мешітінде жамағатпен жүздесіп, жұмада уағыз айтты.
Жұма намазына жиналған жұрт қажылықтың қадірі мен қасиеті жайлы уағыз тыңдады. Уағыздан соң жамағат сұрақтарына жауап алды. "Біздің "Керімағаш" шипажайына елімізге белгілі дінтанушы ғалымдар демалуға келіп тұрады. Олар демалып қана қоймай, жамағатқа уағыз айтып, дәріс береді. Олардың келуімен жастар рухани шабыттанып қалады", - дейді шипажай қызметкерлері.
Жұма намаздан кейін Талдықорған қаласынан демалуға келген Нұрбек ақсақал жамағатқа бата берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.08.2015
3638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру