Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанада "Мейірімді алақан" қайырымдылық акциясы басталды

19.08.2015 3837 0 пікір

Астанада "Мейірімді алақан" қайырымдылық акциясы басталдыЖаңа оқу жылының алдында дәстүрлі түрде өткізілетін "Мектепке жол" акциясы аясында бүгін елордада "Мейірімді алақан" қайырымдылық шарасы басталды, - деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.  

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, қаланың 5 бірдей сауда ("Жаннұр" СО, "Евразия" СО, "Магнум" СО, "Green" СО және орталық базар) орталықтарында портфель істпетті арнайы контейнерлер орнатылған. Кез-келген қала тұрғыны аталмыш контейнерге киім-кешек, канцеляриялық тауарларды сала алады.

Ләззат Орынбасарова, Астана қалалық Білім басқармасының кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің басшысы:

- Акция мәреге жеткен соң, жиналған заттардың барлығы мұқтаж жандарға үлестіріледі. Былтырғы жылы да біз осындай контейнерлерді 5 сауда орталықтарына орнатқан болатынбыз. Биылғы жылы да қала тұрғындары жанашырлық танытады деп сенеміз. Барлық бала бақытты болуға лайық.

Еске сала кетейік, "Мектепке жол" акциясы басталғалы бері 31 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 276 миллион 835 мың теңгеге көмек көрсетілген болатын. Акция 30 қыркүейкке дейін жалғасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру