ҚМДБ-ға қарасты медреселерге 2015-2016 жаңа оқу жылына талапкерлерді қабылдау емтиханы басталды.
Орал медресесінің директоры Руслан Сұлтанов «Медресе» жайында уағыз айтып, талапкерлерге сәттілік, емтиханды «Өте жақсы» деген бағаға тапсыруын тіледі.
Комиссия мүшелері ҚМДБ-ның Оқу бөлімінің маманы Марат Жаппасбаев, Орал орталық мешітінің найб имамы Мұратбек Қыстаубаев, медресе директорының орынбасары Ержан Есім, медресе ұстазы Асылбек Наурызов, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков қатысты.
Талапкерлер қазақ тілі, қазақстан тарихы пәндерінен және діннің жалпы негіздерінен емтихан тапсырды.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.08.2015
3282
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру