
«ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ИСЛАМИ ДІНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ
«ӘБУ ХАНИФА» МЕДРЕСЕСІ
«Әбу Ханифа» медресесі 2009 жылдан бері діни білім беріп келеді. Білім ордасында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігімен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бағдарламасы бойынша діни білім беріледі.
Медреседе жоғары діни білімдері бар 100% штаттағы оқытушылармен толықтырылған. оқытушылар үлесі педагогтардың жалпы санының 100% құрайды, олардың ішінде 1 ф.ғ.к., 11 ғылым магистрі, 7 бакалавр.
Еліміздің исламтану, гуманитарлық пәндер саласының ғалымдармен қоса Египет тарапынан ақида, фиқх, Құран ілімі бойынша докторлық дәрежедегі ғалымдар ұстаздық етеді.
Аталмыш мамандық бойынша 2009 жылдан бері 62 түлек медресені бітіріп, 40% жұмыспен қамтылса, 60 % білімдерін Египеттің әл-Азһар, Түркияның Хасеки діни білім беру оқу орындарымен еліміздегі Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде жалғастыру үстінде.
Медресенің материалдық-техникалық базасы жыл сайын жаңартылып отырады. Барлық жағдайы жасалған, заманауи жиһаздармен жабдықталған: 120 орындық жатақхана, 100 орындық акт залы, білімгерлерді 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кең де жарық асхана да шәкірттер игілігі үшін қызмет етеді.
Сондай-ақ медресе ақпараттық-технологиялық құрылғылармен де заман талабына сай жарақтандырылған. Оқу кабинеттері мультимедиялық технологиялармен, интерактивті тақтамен жабдықталған. Медресе WI-FI сымсыз желілік интернетке қосылған.
Әбу Ханифа медресесі мына мамандықтты дайындайды:
0112000-исламтану
Оқу түрі күндізгі
Оқу мерзімі – 2 жыл 10 ай
Бітірушілерге мемлекеттік үлгідегі диплом беріледі.
Мемлекеттік лицензиясы:№14005315
2015-2016 оқу жылдарына Алматы қаласы, Медеу ауданында орналасқан арнаулы орта білім беру мақсатында ашылған медресеге оқуға түсемін дейтін талапкерлерге тамыз айының 20 күні қабылдау емтихан болады.
Қазіргі таңда оқуға түсуге қажетті құжаттар қабылданып, дайындық курсы жүріп жатыр. Келіп оқимын деушілерге есік ашық.
Медресе шәкірттері емтихан нәтижесі бойынша қабылданады.
Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі:
- Медресе директоры атына өтініш;
- Жергілікті имамдардың берген ұсынысы;
- Өмірбаян ;
- Орта білім беру туралы аттестат (түпнұсқасы) ;
- 086 үлгідегі дәрігерлік анықтама + (флюра) ;
- 63 үлгідегі анықтама ;
- Психодиспансерден анықтама ;
- Наркодиспансерден анықтама ;
- Көлемі 3*4 сурет (6 дана) 4*6 сурет (1 дана) ;
- Жеке куәліктің көшірмесі ;
- Әскери билет немесе әскерге шақыру туралы куәлігі ;
- Тұрғылықты жерден анықтама ;
- Сотталмағандығы жөнінде анықтама ;
Мекен жайымыз:Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкина көш-і, 12.
Байланыс тел:8 (727) 397 – 63 – 03 +7702 305 04 35 + 77016444849












ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.08.2015
9048
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру