Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектепке жол қайрымдылық акциясы

17.08.2015 3513 0 пікір

ҚМДБ-на қарасты барлық мешіттерде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша қайырымдылық шаралары жүргізіліп келеді. Адамзаттың асылы болған Пайғамдарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» - деген болатын.

Осы орайда, Алматы қаласының мешіттері «Мектепке жол» қайрымдылық акциясын бастап кетті. Түркісіб ауданына қарасты мешіттер әлеуметтік жағдай төмен мектеп жасындағы 40 баланы мектеп үлгісіне сай киім-кешекпен және оқуға қажетті құралдармен қамтамасыз етті. Шара барысында сөз алған Алматы Оратылқ мешітінің наиб имамы Дулатбаев Жорабай шараның өтуіне себеп болып жатқан жандарға алғыс білдіріп, еліміздің ертеңі болған балаларға оқуда озат болуға шақырды.

Қайырымдылық шарасына қатысқан балалар дән риза болып, балалардың ата-аналары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Алматы Ораталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру