Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстікте «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы

17.08.2015 3753 0 пікір

ОҚО, Кентау қалалық мешітінің ұйытқы болуымен «Зекет» қоры және «Ар-Рахим» мешітінің демеушілігімен Кентау қалалық білім беру мекемесінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Кентау қалалық білім бөлімінде есепте тұрған жетім балалар мен жағдайы төмен көп-балалы отбасылардан шыққан 5 – 16 жас аралығындағы  50-ге жуық бүлдіршіндерге мектепке қажетті (сөмке, дәптер, қаламсап және т.б.) заттар таратылды. № 24 мектеп базасында социологдартың ұйымдастыруымен жас – бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама қойылып, дін өкілдері кереметтей өсиеттерін айтты. Қайырымдылық акцияға ҚМДБ, ОҚО өкілдігінен «Зекет» қорының жетекшісі Сапарқұлов Өркен және Кентау ауданы бойынша «Зекет» қорының жауапты қызметкері Төлен Жомарт қатысты. Сапарқұлов Өркен жиылған көпшілікке қордың құрылғанын, мақсатын және алға қойған жоспарларымен таныстырды. Іс-шара соңында бүлдіршіндер жайылған дастарханнан дәм татып, ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын жеткізді.

Аталмыш қайырымдылық акциясы облыс көлемінде жалғасын табатын болады.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру