Тамыз айының 15-жұлдызында Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы ұйымдастырылды. Құран жарысына 30-ға жуық мешіт шәкірттері қатысты. Жарыстың мақсаты шәкірттерді Құран жаттауға ынталандыру болатын.
Құран жарысы үш топқа бөлінді.
I-топта 10 жастан төменгі бүлдіршіндер. Олар Духа сүресінен, Нас сүресіне дейін жатқа оқу сондай ақ, жүзінен оқу.
I-орын Асан Сәкен
II-орын Сәдірбай Жомарт
III-орын Сұлтанов Райымбек
II-топта 15 жастан жоғары 20-жасқа дейінгі шәкірттер. Олар Фажр сүресінен Нас сүресіне дейін сынға түсті.
I-орын Арғынбай Елдос
II-орын Мұрат Медет
III-орын Өсербаев Азамат
III-топта сынға түскен 20 жастан 35 жас аралығы. Олар Нәбә сүресінен Нас сүресіне дейін сынға түсті.
I-орын Жанат Қыран
II-орын Ұйтоны Нұрлан
III-орын Омаров Рамазан
Сондай-ақ жарыста жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар таратылды.
I- орынға Велосипед;
II-орынға Алланың сөзі жазылған портрет;
III-орынға Құран Кәрім және басқа да құнды кітаптар таратылды.
Жарыс жеңімпаздарын хабардар етіп, сыйлықтарын табыстауға «Бекет-ата» мешітінің наиб имамы Иртураров Падиқаһар сөз сөйлеп, алғысын білдіп, сыйлықтарын табыстады.
Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.08.2015
3213
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру