ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы ҚМДБ тарапынан болған әрбір тапсырмалар мен қадағалануы тиіс маңызды мәселелерді назардан тыс қалдырмай жүзеге асырып келеді.
Мешіт ұжымының көңіл бөлуі тиіс осындай шаралардың бірі – ол мешіт тазалығы. Мешіт Алланың жердегі үйі. Мұнда қадам басқан әрбір жамағат мешіттің аула тазалығына, ондағы имам-молдалардың көркем мінезіне ризашылықтарын білдіреді.
Бүгінгі таңда орталық мешіт ұжымы мен мешіт ақсақалдары қалалық «Айтбай» мешітінің ауласына, дәретханасына тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жасының үлкендігі мен күннің ыстығына қарамастан ақсақалды қарияларымыз да осындай сауапты іске атсалысып, жастарға үлгі болуда.
Атап айтар болсақ, мешіт ауласында жайқалған көк желектер мен талдарды арамшөптерден тазартып, жеміс ағаштарына күтім жасады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.08.2015
3829
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру