ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті облысымыздағы әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғалы отырған жастарға аталмыш тақырыпта уағыз-насихат жүргізді.
Бүгінгі таңда жастар арасында өзінің азаматтық борышын өтеуге ынталылар қатары артып келеді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Улжаев Бақыт әскерге аттану алдында тұрған жастарға «Отанды сүю иманнан» тақырыбында уағыз-насихатын айтып, Отанды қорғау турасында тұщымды ойларын жеткізді.
Сонымен қатар, жастар әскери өмірге дайындық турасында көріністерін қойып, салтанатты түрде ант қабылдады.
Алдағы уақытта аталмыш тақырыпта жастарға арналған танымдық шаралар ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.08.2015
3059
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру