Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге сертификат табысталды (ФОТО)

04.08.2015 3274 0 пікір

Жаз маусымы басталғалы ҚМДБ-сының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы бойынша мешіттер жанында мектеп жасындағы  балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы қолға алынған болатын.

Семей аймақтық «Қос мұнаралы» орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында 40 - ға жуық шәкірт діни сауатын ашты. Құран Кәрім әліппесін үйренумен қатар, олар ислам тағылымдары, мешіт әдебі, ата-анаға құрмет, Отанды сүю сынды тақырыптарда кеңінен мағлұмат берілді.   

Сауат ашу курсында дәріс алған шәкірттерге Найб имам Бекзат Боранбайұлы алғысын айтып, сертификаттарын табыс етті. Ата-аналары атынан дәріс беріп жатқан Асқар Барлыбайұлына алғыстар айтылды.

 

Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру