Аптаның айырықша күндерінің бірі қасиетті жұмада Қарағанды облыстық орталық мешіті игілігі мол қуаныштармен қауышты. Атап айтқанда ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы және белгілі дінтанушы, РАНТ-ның мүшесі Ризабек Батталұлына Қарағандының атымтай жомарт кәсіпкерлері тарту еткен су жаңа көліктер табысталды.
Жұма намазы алдында облыс әкімінің кеңесшісі әрі «Нұрлы Білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рүстем Сыздықов бұл игі жаңалықты көпшілік жамағатқа зор құрметпен жеткізді. Аты аталған құрметті азаматтарымызға кәсіпкерлер тарапынан беріліп отырған көліктерді жеке бастарына пайдалануға берілгендігі турасында да айтып өтті.
Рүстем Мәлікұлы ислам жанашырларын құттықтау барысында: «24 жыл бойы имамдық қызметінде қазақтың бірлігі үшін тұтас тарихымыз бен төл болмысымыздағы ұлттық құндылықтарымызды дүние танымымызды, дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттап жүрген Өмірзақ Қазкенұлын және еліміздегі білімді де білікті ғалымдарымыздың бірі, тұңғыш рет қазақ әлеміне ислами сенім мәселелеріндегі негізі кітаптарын араб тілінен қазақшаға тәржімалаған, ұлағатты ұстазымыз Ризабек Батталұлының елеулі еңбектерін Қарағанды жұртшылығы елеп-ескеріп, осы «Тайота» маркалы көліктерін жеке-жеке сыйға тартуды лайықты деп шешті. Көпшілік бұқараның қалауымен ұсынылған көліктерді қабыл алыңыздар. Еңбектеріңіз өрге басып, жауапкершілігі зор қызметтеріңіз жемісті болсын!» - деп, жамағаттың риясыз көңілін жеткізіп, көлік кілттерін табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі
бойынша баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.08.2015
3334
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру