ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты үндеуіне қолдау көрсетіп «Шардара» ауданы «Шардара» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның ОҚО Шардара ауданы бойынша Зекет қорының өкілдігімен бірлесе отырып, балаларды ақысыз сүндеттеу «Қайырымдылық акциясын» өткізді.
Күні кеше өткен қасиетті Рамазан айының құрметіне 2 тамыз күні «Шардара» орталық мешітінде елдің ризашылығына бөленген ақ халатты иманды абзал азамат, аудандық аурухананың бас дәрігері, жоғарғы дәрежелі оташы Ерназаров Әзірет Ергешұлы мен көмекшілерінің қатысуымен 200 ер бала сүндеттелді.
Аталмыш іс-шараға тұрмысы төмен отбасылар және көп балалы ата-аналар қатысты. Іс-шара соңында ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп тарасты.
Бұл қайырымдылық шаран 10 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.08.2015
3669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру