Дін мен дәстүр жылына орай ШҚО Үржар аудандық тарихи – өлке тану мұражайында Үржар аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Имандылық ізгілік бастауы» тақырыбында жас ақындар мүшайрасы болып өтті.
Асыл дініміздің қасиеттерін насихаттау арқылы жастарымыздың рухани әлемін байыту, имандылық пен салт дәстүрімізге, отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің мерейін көтеру, жас ұрпақтың бойында имандылық қасиеттерін қалыптастыру, жастардың Тәуелсіз Қазақстанның тарихын білуіне, патриоттық сезімдері мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға жол ашу, мақсатында ауданымыздың тарихи өлкетану мұражайында Үржар аудандық орталық мешіт ұжымы, аудандық тарихи-өлктану мұражайының ұйымдастыруы мен жас ақындар мүшәйрасы өтті. Мүшәйраға 15-35 жас аралығындағы 40 ақын тапсырыс беріп, 14 ақын іріктеліп алынды.
Байқау шарты бойынша, ақындар берілген тақырыптарға сай, бұрын ешбір жерде жарияланбаған, бұған дейін ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлендерін ұсынады. Яғни, «Имандылық пен татулық мекені-Қазақстан», «Дін мен дәстүр абақтас», «Асыл дінім-ділім мен тілім. Әр ақын имандылық,тәрбие, салт- дәстүр, әділеттілік, ізгілік, мейірімділік, адамгершілік қасиеттерін халыққа насихаттап, өз ойларын жеткізе білді.
Қазылар алқасы шығарманың мазмұндылығы, тақырыпты ашуы, талапкердің қазақ тілінде, орфоэпиялық түрғыдан таза сөйлеуіне, шығарманы мәнерлеп оқу шеберлігі, сахналық мәдениетіне назар аударып, әр ақынға он балдан баға беріп жеңімпаздарды анықтады. Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ерболат Мұхамеджан сөз алды- Жыл мүшәйрасы құтты болсын, Дәстүрлі болсын, жыл сайын өте берсін, имамдарымыз қолдау көрсетіп біз осылай жалғастыра берейік-деп марапаттады.
Имандылық – ізгілік бастауы тақырыбында аудандық жас ақындар мұшәйрасында үздік өнер көрсеткені үшін «Үкілі үміт» бағамы бойынша ен жас ақын Мейір Асхат ұлы, «Жігерлі ақын» бағамы бойынша Баян Жақанов, «Ізденімпаз ақын»бағамы бойынша Еркежан Досмұхаметова, «Жалынды ақын»
Жақсыбек тікеш, «Отаншыл ақын» Рустем Дүйсенов, «Ару ақын» Мөлдір Қарлыбаева, «Жас талант» Нарғыз Аймухаметова «Шалқар шабыт» Шұғыла Сұлтан Махмутова, «Отты ақын» Гульдана Байшуақова, «Төкпе ақын» бағамы бойынша Ержан Қанағатовтар марапатталып, 5 000 тенгеден ақшалай сыйақы және кітап табысталды.
Жүлделі орын иегерлері Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдиннің арнай дипломы мен және үшінші орын иегерлері Абай ОМ Мұғалімі Гүльнур Келгенбаева, Мақаншы ауылынан Қымбат Төлепбаева- 30 000 тенге ақшалай сыйақы. II-орын иегері Бестерек ауылынан Шалқар Қаратаев 50 000 тенге мен марапатталды. Осы ізгі істің бастаушысы және ұйымдастырушысы Аудандық мешіттің бас имамы Нұрзат Қасымұлы I-орын иегерін яғни жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар, поэзялық іліміменен, поэзясының жана формасымен ерекшеленген Асқар Бейсенғазы 70 000 тенге ақшалай сыйақы мен марапаттап, меккеден келген кітап табыс етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.08.2015
4412
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру