Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан тартуы (ФОТО)

01.08.2015 3270 0 пікір

Жуырда ОҚО орталық мешіті мен Зекет қорының ұйымдастыруымен «Рахымы  мол Рамазан айы» атты қайырымдылық іс шарасы болып өтті.

Екі аптаға созылған  аса көлемді шараға зекетін беру арқылы қаланың бірқатар ірі кәсіпорындарымен кәсіпкерлері өз үлестерін қосты. Шара барысында орталық мешітте тұрмыстық жағдайы төмен болған  500 отбасына арнайы коммиссияның тексеруінен кейін 1 қап ұн, 5л сұйық май, макорон, шай, күріш, шекер таратылды.

Шараны Облыс имамы А. Керімбеков халыққа Рамазан айының қадыр қасиеті жайлы уағыз айтумен бастады. Шараны облыс имамының орынбасары Б. Қымбатов Сарыағаш ауданы, Жылға елдімекенінде жалғастырды. Тұрмыс жағдайы төмен болған 100 отбасына ұн, сұйық май таратылды.

Сондай ақ, Зекет қорының қызметкерлері Бәйдібек ауданы, Кеңес елдімекенінде тұратын тұрмысы төмен 45 отбасыға 1 қап ұннан таратты. Осындай көлемді іс шараға қол ұшын беріп, себепкер болған әрбір азаматқа Облыстық мешіттің Зекет қоры атынан алғысымызды айтамыз. Алланың нұры жаусын!

Зекет қорының ОҚО

бойынша өкілі Ө.Сапарқұлов 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру