Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Бүгінгі бала – ертеңгі ата-ана» атты жас отбасылармен кездесу

01.08.2015 3974 0 пікір

Қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселелердің қатарында тұрақты отбасы, отбасы құндылығын сақтау, ажырасудың алдын алу болып отырғаны белгілі.

Осы бағытта Қызылорда қаласында «Бүгінгі бала-ертеңгі ата-ана» атты жастармен және жас отбасылармен танымдық кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Сыр өңірінде жақында ғана ашылған «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Әбжанов Нұрлан қатысып, жастарға Исламдағы отбасы құндылықтары, отбасын сақтаудың негізгі шарттары мен жастардың бойында болуы тиіс әдептілік, төзімділік, көркем мінез турасында уағыз-насихатын айтты.

Одан бөлек жастардың тарапынан болған сұрақтарға жауаптар беріліп, кездесуде психолог маман, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де сөз алды.

Жалпы өңірімізде мешіт имамдарының мекемелер мен ұйымдарда түрлі діни тақырыптарда кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізуі өз жалғасын тауып келеді.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру