Ақтөбе облысы,Хромтау ауданы «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Құранды оқудан облыстық үлкен жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты: облыс тұрғындарымен мешіт жамағатының Құран кәрімді жаттап,оның құндылықтарын сезіп-білуге,діни білімін арттыра отырып дәстүрлі дінімізді кеңінен насихаттауға және өзара ауызбіршіліктерін арттыруға үндеу.
Ақтөбе қаласы орталық мешітінің бас имамы Тәжімбет Бақытбек, «Ақтөбе медресесінің» ұстазы Нұрғалиев Бауыржан, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы,хафиз Қартабаев Саламат және Шалқар ауданының бас имамы Такеев Нұрлыбек мырзалар жарыстың әділ төрелігін жасады.
Аталмыш шараға облыс көлемінен жиырмадан аса үміткер қатысып,жарыс көркін қыздырды. Қатысушылар жасы шектелмеді,дегенмен қатысушылар-дың дені тоғыз бен қырық жас арасында болды.
Нәтижесінде сайыс жеңімпазы болып Ойыл ауданының тұрғыны Забиров Дамир атанып,200 000 теңгені иеленді,екінші орынды Хромтау ауданының атынан қатысқан Абдулин Мейірбек алды. Жүлде қоры 100 000 теңге. Жүлделі үшінші орынды тағы бір Хромтаулық сайыскер Әбдімажит Арман иеленіп,50 000 теңгені қанжығасына байлады.
Бұл шарадан «Аңсар» ақпараттық талдау орталығыда шеткері қалмады, аталмыш орталық жеңімпаздарға Қ.Құрманбаевтың «Құран іліміне кіріспе» атты керемет кітабын сыйға тартты.
Осы шараны өз деңгейінде ұйымдастыра білген Хромтау ауданының бас имамы Әли Алмат мырзаға алғысымыз шексіз.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр»
мешітінің баспасөз хатшысы Б.Е.Аетова
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2015
3488
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру