ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам А. Керімбектің бастамасымен бір қатар көлемі кең іс-шаралар өткізіп келеді. Соның бірі ОҚО Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылында өткен Құран жарысының дүбірлі додасы.
Дәлірек айтсақ, аймақаралық Құран жарысы. Қарилардың бұл бәйгесіне Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жалпы саны 30 параны толық жаттаған 30 қари қатысты. Аталмыш іс-шараға тікелей ұйытқы болып, демеушілік жасаған «Рахмет» қайырымдылық қоры мен бір қатар ел ағалары.
Осынау үлкен жиынды Бәйдібектің бәйтерегіне айналған 20 жыл бұрын дүниеден озған Дәнебек Батыршаевтың ұрпақтары әкелерінің атына ас беріп, соңын қарилар додасына ұластырды. Құран жарысына қазылық етуге елге танымал бір қатар ғалымдар арнайы шақырылды. Олар: Садуақас Олжабай (Республикалық қарилар орталығының директоры, Астана), Бейбіт Мырзагелдиев (ҚМДБ бөлім меңгерушісі), Ерсін Әміре (ғалым, Алматы орталық мешітінің наиб имамы), Кәмілжан Садықов («Ықылас» қарилар орталығының ұстазы, Шымкент) және ОҚО-ның Бас имамы А. Керімбек. Қарилардың дүбірлі додасында төменгі қарилар топ жарды:
1-орын Қазбеков Нұрболат – 700000 т. (Оңтүстік Қазақстан облысы)
2-орын Хусей Абдулла – 500000 т. (Жамбыл облысы)
3-орын Абишев Қуаныш – 300000 т. (Алматы қаласы)
4-орын Айдаров Абдулкодыр – Умра қажылығы (Қызыл орда облысы)
5-орын Курбаналиев Давлат – Умра қажылығы (Оңтүстік Қазақстан облысы)
Қалған қатысушы қарилардың барлығы 10000 т. және заттай ынталандыру сыйлықтарына ие болды. Облыстың Бас имамы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан демеушілік жасаған марқұм Дәнебек Батыршаевтың ұрпақтарына «Алғыс хат» табыс етіп, алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.07.2015
3818
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру