Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт жамағаттары арасында Футбол (ФОТО)

31.07.2015 3422 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті мен облыстық туризм және спорт басқармасының ұйымдастыруымен облысымыздағы мешіт жамағаттары арасында футболдан облыстық жарыс өткізілді.

Аталмыш жарысқа облысқа қарасты барлық аудан және қала мешіттерінің жамағаттарынан құралған 16 команда белсене қатысты.

Қызылорда «Локомотив» стадионында өткізілген футбол сайысына облыстық туризим және спорт басқармасының төрешілері төрелік жасады.

Нәтижесінде Төретам кентіндегі «Жәрімбет ата» мешітінің командасы І орын, Тасбөгет кентіндегі қалалық «Құддыс ишан» мешітінің командасы ІІ орын және Жалағаш аудандық мешітінің командасы ІІІ орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар мешіт ұжымы тарапынан бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт –Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру