Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыс мешіттері имамдарының форумы өтті (ФОТО)

30.07.2015 3389 0 пікір

Шымкент қаласындағы “Мұса” салтанат сарайында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыс мешіттері имамдарының форумы болып өтті.  

Форумға облыстық ішкі саясат және дін істер басқарасы, жергілікті құзырлы мекемелер өкілдері мен облыстағы 786 мешіттің қалалық, аудандық, ауылдық мешіттердің барлық имамдары қатыстырылады.

 Форумды облыстың бас имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Форум барысында ҚМДБ-ның Ғұламалдар кеңесінің мүшесі Ә.Сманов, РАНТ мүшесі А.Қуанышбаев, дінтанушы Қ.Маджанов және облыс имамының орынбасарлары мен Зекет қорының өкілі арнайы қатысып, түрлі тақырып бойынша баяндама жасады.

Форумда бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда: Үгіт-насихат жұмыстары, кереғар ағымдардың алдын алу шаралары, діни ағарту жұмыстары және қайырымдылық мәселелері жан-жақты сөз етілді.

Мұнымен қатар,  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің қолға алып отырған “Дін мен дәстүр” жылы аясындағы жұмыстар, бұқаралық ақпарат жұмыстары және қажылықтың сапасын көтеру сынды мәселелері түсіндірілді. 

Сонымен қатар, форумға қатысушылар тарапынан  дінге қатысты 88-ге жуық сұрақтар қойылып, түгел жауап берілді.

Сондай-ақ, форум соңында қатысушылар тарапынан арнайы алдағы уақытта жұмыс бағдары ретінде қарары қабылданды.

Форум соңында асыл дінімізге еңбек етіп жүрген үлгілі имамдарымыз   марапатталды.

Жалпы, облыс деңгейінде тұңғыш ұйымдастырылып отырған форум жоғары деңгейде өтті.


 

 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша

өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру