Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Н.Назарбаев: Қазақстан ДСҰ-ға кіру үрдісін аяқтады

29.07.2015 3253 0 пікір
Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесін аяқтады. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік сауда ұйымы бас кеңесінің отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді. 

«Құрметті ДСҰ-ға мүше елдер өкілдері, ханымдар мен мырзалар! Бүгін Қазақстан үшін тарихи оқиға орын алып отыр. Дүниежүзілік сауда ұйымын бекіту туралы Марракешск келісіміне қосылу хаттамасына қол қоя отырып, Қазақстан ұйымға кіру процесін аяқтайды. Толықтай алғанда, осы жерде айтылғандай, біз 20 жылға жуық уақыт бойы осынау келіссөздерді жүргіздік»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы ретте Н.Назарбаев Қазақстан бұл келіссөздерді мұнан ары да жалғастыра беруге дайын болғанын баса айтты. Сонымен қатар күрделі келіссөздер процесі барысында оңтайлы тәсілдер таба білген ДСҰ-ға мүше елдердің барлығына шынайы ризашылығын білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру