Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау аудан орталығы Шетпе кентіне арнайы іс сапармен барды. Әуелі аудандық мешітте мешіт жамағатымен кездесіп, уағыз айтып, мешіттің тыныс тіршілігімен танысты. Мешіт төңірегіндегі мәселелер әңгіме барысында талқыланып, оң шешімін тапты. Өкіл имам аудан имамына барлық мәселеде аса жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Артынан Шетпе кеентіндегі ардагерлер үйінде ауыл ақсақалдарымен кездесу өткізді.
Өкіл имам қоғамда өзекті болған, бірнеше тақырып жөнінде, яғни жастар арасындағы ажырасу, некесіз дүниеге бала әкелу, азаматтық неке секілді түйткілді мәселелерге қатысты уағыз айтып, мұндай індетпен баршамыз күресуіміз қажет деп түйіндеді.
Уағыз соңында өкіл имамға ақсақалдар тарапынан сұрақтар қойылды. Ауыл тұрғындары мешітке, имамдарға қолғабыс болу қажеттігін айтып, теріс ағым өкілдеріне бірлесіп күресу керектігін айтты.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.07.2015
3691
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру