Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға арналған ғылыми-тәжірибелік конференция

25.07.2015 3207 0 пікір

21-шілде күні Махамбет ауданы, «Өнерпаз» мәдениет үйінде «Дін және жастар» тақырыбында аудандық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Шараға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы, аудандық  «Исатай-Махамбет орталық  мешітінің бас имамы Райымбек Қазбекұлы, Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры директорының орынбасары, теолог Айбек Асқарбекұлы, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысы Айгерім Иванқызы және бөлім, мекеме, кәсіпорын басшылары бастаған мамандар, округ әкімдері бастаған ауыл  жастары қатысты.

Конференцияның басты  мақсаты – қазіргі қоғам арасында жастардың діни сауаттылығын арттыру, олардың дін саласындағы болып жатқан бүгінгі заманғы тенденциялар мен өзекті мәселелерден жан-жақты хабардар ету, пікір алмасу, деструктивтік сипаттағы жаңа діни ағымдарының мәнін объективті түрде түсіндіру, діни-экстремистік ағымдарының идеологиясын дәлелді түрде сынау, ұлттық менталитетімізге сіңісіп, дәстүр мен салтқа негізделіп қалыптасқан дінімізді  насихаттау болып табылады.

Өңірдің бас имамы Батыржан Мансұров өз баяндамасында: "Ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған халқымыз: «Жемісті ағаш жерге иіліп тұрады, білімді адам елге иіліп тұрады», - деп білімдінің берері көп екенін айтқан.  «Ислам дін ғана емес, ол – біздің мәдениетіміз», - деген Елбасымыз Н.Назарбаев жыл сайынғы дәстүрлі халыққа Жолдауларында еліміздің жастарына айрықша серпін беріп келеді", - деді.

Аталмыш конференцияда қоғамдағы жастардың дінге көзқарасы, діни сауаттылығы, экстремистік ағымдардың жетегінде кетпеудің амалдары, айналамызда болып жатырған түрлі мәселелердің алдын алу жолдары түсіндірілді. Өзіндік ой-пікірлер, ұсыныстар айтылды. Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Мардан Жұмахметұлы шалғай аудандарды аралап, дін туралы салиқалы ой-пікірлермен бөліскендері үшін  дін қызметкерлеріне алғыс айтты.

"Иманғали" орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру