Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Дін – тәрбие діңгегі» атты рухани кеш

24.07.2015 4032 0 пікір

Байтақ мемлекетіміздің жарқын болашағы бүгінгі жасқа рухани тағлым, имани тәрбие беру мақсатында Аягөз қалалық мешіті жанындағы «Шайхан қари» атындағы сауат ашу курсы маусым айынан бастап мектеп жасындағы ұл-қыздарға жазғы сауат ашу курсын ұйымдастырған болатын.

Курс аясында "Нұр-Мүбарак" университеті, «Үш қоңыр», «Нұр – Астана» медресесінің шәкірттері сауат ашу курсына келген жастарға "Құран әліппесі", "Пайғамбарлар тарихы", "Ислам әдептері" пәндерінен сабақтар жүргізді.

Осы уақыт аралығында тәлім-тәрбие алған шәкірттердің білімдерін қорытындылау мақсатында «Дін – тәрбие діңгегі» атты рухани кеш өткізілді. Кеште әр түрлі діни-тәрбиелік мәні бар қойылымдар қойылып, ғибратты уағыздар айтылды.

Орталық мешіттің бас имамы Думан Нәдірұлы діннің қоғамдағы рөлі, тәрбиедегі маңызы турасында сөз қозғап, шәкірттеге мақтау қағаздары мен мектепке қажетті оқу құралдарын табыстады. 

 

Аягөз қалалық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру