Бүгін «Астана медресесінде» Түркия республикасы Кайсери қаласындағы «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды
Кеше «Хасеки» білім беру орталығының ұстазы Мехмет Косе мен Коня қаласындағы «Селчук» білім беру орталығының директор орынбасары Карабажак Дурмусали Астанаға арнайы ат басын бұрып, ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының қабылдауында болған еді.
Аталмыш оқу ордасына өтініш білдірген «Нұр-Мүбарак» университеті мен ҚМДБ-ға қарасты 9 медреседен 60 үміткердің алғашқы тобы бүгін «Астана медресесінде» білім сынағынан тапсырып бастады. Осы сынақтан сүрінбей өткен 20 қазақстандық шәкіртке Түркияға жолдама беріледі.
Ал, осыған дейінгі емтихан нәтижесі бойынша 2013 жылы «Хасеки» оқу орнына 27 шәкірт, 2014 жылы 20 шәкірт оқуға түскен. Емтиханнан өткен шәкірттерді Түркия тарапы жол сапары, ас-суы мен жатын орын және ай-сайын шәкіртақымен қамтамасыз етеді.
Түркиялық дін мамандары «Хасеки» институтына оқуға қабылдау емтиханын 22-23 шілде аралығында өткізіп отыр.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.07.2015
3586
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру