ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Алматы орталық мешітінде бас қосқан қалалық имамдармен Рамазан айын қортындылады. Жиын барысында Алматы орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы қала имамдарына Рамазан айын жақсы деңгейде атқарып шыққандары үшін өз алғысын білдірді.
Жиналысқа арнайы келген ҚМДБ-ның Қажылық бөлімінің басшысы Қанат Нұрмаханұлы мырза мешіт имамдарына алдағы қажылық маусымына байланысты кейбір мәселелермен жақыннан таныстырып, имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Бас имам: «Мешітке келіп тұрақты түрде сабақ алушы әрбір жамағаттың білімді болуы біз үшін аса маңызды!»- деп баса айтты. Осы мақсатта жамағатты сауаттандыру жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.07.2015
3495
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру