Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қамкөңіл қарттарға айт дастарханы жайылды

22.07.2015 4142 0 пікір

Семей қалалық Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айдын Жүнісбек ораза айт мерекесіне орай  қаламыздағы қарттар үйінде мерекелік дастархан жайды.

Қарттар үйінде 70 адамға арналған айт дастарханы қарттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Дастархан басында Қос мұнаралы орталық мешітінің Найб имамы Бекзат Боранбайұлы ата дініміздің арда құндылықтары жайында уағыз-насихат айтып, қам көңіл қарттарды ораза айт мерекесімен құттықтады.

Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Айдын Жүнісбек, қарттарға қызмет жасап, ақсақалдар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға жақсылық жасаудың үлгісін көрсетті. Өз кезегінде қарттар үйінің қызметкерлері мен тұрғындары мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтты.

 

Қос мұнаралы орталық

мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру