Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Музаммиль» мешітіндегі айт мерекесі (ФОТО)

22.07.2015 3435 0 пікір

Биыл Алматы қаласының мешіттерінде көңілге қуаныш, жүрекке шаттық сыйлайтын Ораза айт мерекесі тойланды. Солардың бірі Музәммиль мешітінде болды. Онда айт мерекесіне арнайы дастархан жайып, балаларға палау, жеміс-жидек,  әр-түрлі сусындар, балмұздақтар берілді. Дастархан басында балаларға викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталды. Шара соңында балалар ойын алаңында көңіл көтерді.

Жас өспірімдер арасында үш түрлі салмақтан 32кг – 38кг, 38кг – 45кг, 45кг – 55кг арасында  қазақша күрес жарысы өткізілді. Бұл күреске, мерекеміздің арнайы қонақтары «Азия қазақ күресі» федерациясының Бас хатшысы Хабиров Рафаэль Ралитұлы; Қазақ күресінен спорт шебері, 2015жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, 2014 жылғы ҚМДБ Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесіне өткен қазақ күресінің күміс жүлдегері Хамитов Жангельді; Ұлттық дәрежедегі төреші Ислямов Ринат төрелік етті.

Сауат ашу курсында оқып жатқан қыздар арасында секіруден және жалпы жамағат арасында зіл тас (гір тас) көтеруден жарыстар өткізілді. Жеңімпаздарға 1,2,3 орын жүлдегерлеріне сыйлықтар берілді.

Мейрамға «Инаят» ассоциация қарамағындағы мүгедектер арнайы шақырылды.

Сонымен қатар ораза айттың 3-ші күні тұрмысы төмен 100 отбасына айт мерекесінің құрметіне қайырымдылық жасалды. Әрбір отбасына 50 кг ұн, 25 кг күріш, 25 кг қант, 5 л. сұйық май тарқатылды.

 

Алматы орталық мешітінің

баспасөз қызметі

        

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру