Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Кезекті жиын, берекелі шара

22.07.2015 3186 0 пікір

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігіне қарасты барлық қала, аудан имамдарының кезекті көшпелі жиналыс-семинары Шарбақты ауданында арнайы бағдарлама бойынша ұйымдастырылды.

Облыс өкіл имамы Н.Исеновті арнайы қабылдаған Шарбақты ауданының әкімі Ыбыраев Балғабай Жұмағұлұлы өз ауданында өткізіліп жатқан қала, аудан имамдары, облыс мешіттерінің діни қызметшілерінің көшпелі жиналыс-семинарына табыс тілей келе, ата-бабамыздан жалғасқан дәстүрлі дініміздің дамуына, насихатталуына қашанда қолдау көрсетіп отыратынын жеткізді.

Аудандық тарихи-өлкетану мұражайын тамашалап, Шарбақты өлкесінің ерекшеліктерімен танысқан имамдар осы мұражайдың жиын залында өздерінің шілде айында атқарған жұмыстарының нәтижесін талқылады. Жиында өкіл имам Нариман Ермекұлы  қала, аудан имамдарының қасиетті Рамазан айында атқарған іс-шаралары, алдағы уақытта жасалатын жұмыстар жайлы мәліметтерін тыңдап, сын-ескертпелер жасады.

Жиын-семинарға облыстық діни істері басқармасының басшысы Д.Закариянов та қатысып, діни салаға қатысты өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Бұған қоса, имамдар Шарбақты ауданы тарихында бірінші рет ұйымдастырылыпжатқан «Көкпар» ойнынын тамашалады. Көкпарға қалалық «Ақмешіт» мешіті мен Шарбақты ауданы мешіттері атынан екі команда қатысып өзара бәсекеге түсті. Сонымен қатар боз кілемде әр аудан мешіттері атынан «Қазақ күресі» ала келген палуандар жеңіл, орташа, ауыр салмақтарда белдесті. Жас имамдар да өзара күш сынасып шара көркін қыздыра түсті. Жүлделі орын иеленгендерге сый-сияпаттар табысталды.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру