Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Маңғыстау ауданына қарасты Шайыр ауылына арнайы іс сапармен барды. Шайыр ауылы ынтымағы мен бірлігі жарасқан шағын ғана елді мекен. Кездесу ауылдық әкімшіліктің мәжіліс залында болды. Кездесуді ауыл әкімі Нұржаубай Ғабиден Өтелгенұлы жүргізіп отырды. Өкіл имам С.Сейтбеков дініміздің құндылықтары жайында уағыз айтып, мешіт салудың сауабы жайында тоқталып өтті. Дін қоғамды түрлі жамандықтан сақтайтын рухани күш. Сол шін діннен қорқудың қажет жоқ. Керісінше дін атын жамылған теріс ағымдардан қорқу керек екенін басты назарда айтып өтті.
Өкіл имам уағыз барысында ауыл тұрғындарына өз балаларына мұқият болуды ескертіп өтті. Яғни ғаламтор арқылы тарап жатқан теріс діни уағыздар мен бейне роликтерді көріп, санасы уланып қалуы мүмкін екенін ескертті. Уағыз соңында өкіл имам қойылған сұрақтарға жауап берді. Шайыр ауыл тұрғындары өкіл имамға алғыстарын айтып, шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.07.2015
3445
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру