Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Керімағаш ауылы Ораза айт мерекесін атап өтті

21.07.2015 3708 0 пікір

12 айда бір келетін, көпшілік мәре-сәре болып тойлайтын ораза айт мерекесін  Керімағаш ауылы ерекше қарсы алды.

Ауыл тұрындары таң атысымен әдеттегідей  айт намазын оқуға «Сүлеймен» мешітіне жиналды. Намаз бітісімен жамағат бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, дәстүр бойынша көршілерді, ағайын-туыстарын зиярат етті.

Ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Сүлеймен» мешітінің ұйымдастыруымен  білім алушы шәкірттер Керімағаш шипажайы кафесінде «Айт құтты болсын!» атты концерттік бағдарламасымен ауыл халқына және шипажайға келген демалушыларға  мерекелік тарту жасады.

Мерекелік шара ауыл имамы Дәулет Жеңісұлының айт мерекесіне арналған құттықтау сөзімен  басталып, ұлдар арасында азан жарысы, қыздар арасында Құран, хадис, дұға жарысымен жалғасын тапты. Жарыстың жеңімпаздары түрлі сыйлықтармен марапаталды.

Қыздар  Раян, Тасним, Фердауыс тобы болып, Құранды жатқа білу, мағынасын айту, хадис пен күнделікті дұғаларды да жатқа айтудан жарысқа түсті. Фердауыс тобы біліктіліктерімен көрермен ықыласына ие болды. Жарысқа қатысушы топ мүшелерін Сүлеймен мешітінің бас имамы арнайы сыйлықтармен марапаттады.

Ораза айт мерекесіне арналған көңілді кешке жиналған көрермен ризашылығын білдірсе, ауыл ақсақалдары атынан Мұқан ақсақал имандылық пен инабатылықты бойына сіңіріп өсіп келе жатқан ұл-қыздарға жақсылық тілеп, аталық ақ батасын берді.

 

Керімағаш ауылы «Сүлеймен»

мешітінің баспасөз қызметі.



 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру