Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттерге сертификаттар берілді (ФОТО)

21.07.2015 3504 0 пікір

Ораза айт мерекесіне орай Орал қалалық мешітінің қолдауымен бір ай бойы жазғы діни сауат ашу курсында білім алған мектеп оқушыларына сертификат табыстау рәсімі болып өтті.

Бұл шараға облыс имамы Руслан Тыныштықұлы, Орал қалалық мешітінің бас имамы Әлімхан Тұрлыбеков, найб имамдары, ұстаздар, ата-аналар мен шәкірттер қатысты.

Алдымен сауат ашу курсының шәкірті Ахмат Аббасұлы қасиетті Құран Кәрімді оқып, Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов дұға жасады. Облыс имамы жыйылған қауымға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, айт мерекесімен құттықтады. «Сіздерге ілім берген ұстаздардан білімдеріңіз асып, болашақта әр мамандықтың білікті иесі, тәуелсіз еліміздің иманды перзенттері болыңыздар», -деп өкіл имам жүрекжарды тілегін жеткізді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру