Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ватикан қаласынан келген құттықтау

21.07.2015 2916 0 пікір

Жыл сайынғы игі дәстүр жалғасымен  қасиетті рамазан айынан соң, сән-салтанатымен 3 күн  Айт мерекесі тойланып өтті. Күллі мұсылман әлемі асыға қарсы алатын қуанышты айт мерекесінің екінші күні ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі бойынша өкіл имамы Өмірзақ Қазкенұлына Ватикан қаласының  дінаралық диалог кеңесінің президенті Кардинал Жан-Луи Торанның Рамазан айына байланысты жолдауы  табыс етілді.

Барша мұсылмандардың  Ораза Айт мерекесіне аман-есен жетуімен құттықтаған жолдаманы Қарағанды рим-католик епархиясының епископы Аделио Дель Оро  өкіл имамға арнайы табыстап, құттықтауын ыстық ықыласпен оқып берді.

Құттықтау жолдарында: «Әлем католиктері және өзімнің жеке атымнан «Ид аль-фитр» күнін  бейбітшілік пен шаттықта мерекелеуге деген шынайы тілектерімді жеткізгеніме қуаныштымын. Рамазан айында сіздер ораза ұстау, дұға ету, садақа беру, кедейлерге көмек көрсету, туған-туыстар мен достарға бару сынды көптеген діни  және әлеуметтік істерді атқарасыздар. Және Папа Францискпен бірге Рамазан айының жемісі мен «Ид аль-Фитр» күнінің қуанышы сіздердің адами және рухани күштеріңізді одан әрі жетілдіре түсуіне тілек білдіреміз.»-деп,  жылы лебіз білдірген.

ҚМДБ-ның Қарағанды өңірі

бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру