Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал жұртшылығы Ораза айтты тойлады

20.07.2015 2841 0 пікір

Орал жұртшылығы «Ораза айтта» айт намазын оқып, уағыз тыңдап, қасиетті мерекені ерекше қарсы алуда. 

Бұл күні барша жамағат айт мейрамын тойлап, осы күнге аман-есен жеткендеріне шүкіршілік етіп, бір-біріне ізгі тілектерін білдіреді. Рамазан – береке мен бірлік, қайырымдылықтың айы болса, Ораза айт адамдардың жан дүниесін қуанышқа бөлейтін, Ұлық мереке деп саналады. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов жиылған қауымды ораза айт күнімен құттықтап, Орал өңірінде  елім деп жүрген азаматтардың қайырымды істеріне ерекше тоқталды. 

Одан кейін Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев сөз алып: «Қасиетті айда жасаған тілектеріміз қабыл болсын. Қазақстанымыз алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болып, әруақытта мәртебесі биік болып еліміз аман жұртымыз тыныш болсын", -деді. 

Ораза айт намазын өкіл имам Руслан қажы Тынышұлы оқып, Ақжайық өңірінің исі мұсылман жұртына дұға жасады. Айт намазынан кейін жамағат ақдастарханнан  дәм татып, ақ тілектерін жеткізді.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру