Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіт ауласындағы айт дасдарханы

20.07.2015 2791 0 пікір

Алматы қаласындағы «Орбита» мешітінің ауласына Ораза айт мерекесінің құрметі үшін арнайы айт дастарханы жайылды.

Мерекелік дастарханнан мешіт жамағаты, жергілікті тұрғындар, жалпы халық дәм татты. Бұл игі шарадан өзге ұлт өкілдері де қалыс қалмады. Олар да айтулы мерекені атап өтті.

Сонымен қатар Алматы қаласы Жалпы және жастар ісі өкілдігінің ұйымдастыруымен 50 балаға айттық, яғни сыйлықтар таратылды.

«Мақсатымыз – айт мерекесін бұқаралық сипатта өткізу. Жалпы жұртымызға ораза айттың қадір-қасиетін сезіндіру үшін осындай игі шараларды жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Қазір бұл бастама дәстүрге айналды», – дейді «Орбита» мешітінің Бас имамы Асан Тілеубердиев.

«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру