Франция Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Франсис Етъет мырза Маңғыстау облысына арнайы іс сапармен келген. Іс сапар барысында Маңғыстау облыстық орталық мешітті зиярат еткісі келетінін білдірген елші мырзаның өтініші бойынша қасиетті ораза айттың екінші күні, яғни 18 шілде күні Облыстық дін істер басқармасының бөлім басшысы Иса Есенәлі елшіні облыстық мешітке арнайы алып келді.
Франция елінің елшісін ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейтбеков күтіп алып, облыстық мешітпен таныстырды. Елші мырза өз еліндегі мешіттер жайында айтып, әңгіме барысында мешіт адамның жан дүниесін тынықтыратын орын екенін жасырмады. Өкіл имам мешіттердің өзге ғибадат үйлерінен айырмашылығын түсіндіріп, исламның тазалыққа мән беретінін тілге тиек етті.
Мешітпен танысқан елші мырза өкіл имамның қабылдауында болды. Өкіл имам Франция елінің елшісіне мешіт тарапынан сыйлық берсе, елші мырза өз елінің мақтанышы саналатын ғимараттардың суреті бар шай ішетін бакалды сыйға берді.
Франция елінің елшісін өкіл имам С.Сейтбековке қабылдағаны үшін алғысын білдірді. Өкіл имам да елші мырзаға мешітті зиярат еткені үшін рахметін айтып шығарып салды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2015
2801
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру