Айлардың сұлтаны болған қасиеттi Рамазан айымен қимай қоштасатын сәт те келіп жетті. Ораза айы - құлшылық пен сабыр, береке мен бiрлiк айы болса, осы қасиетті айдың аяқталғанын айғақтайтын Ораза айт мейрамы - жер бетіндегі барша мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі.
Аталмыш мерекені Алматы қаласының мешіттері де ерекше атап өтті. Жеті жасар баладан, жетпістегі қарияға дейін мешіттерде бас қосып, айтулы мерекені Айт намазын оқудан бастады. Рухани уағыз насихат тыңдап, намазға қатысқан ел, мешіт ауласында болып жатқан іс шараларға куә болды.
Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, ата-анасынан айрылған жетім балалар мешітімізде қонақта болды. Балалар өздеріне арнайы дайындалған қойлымдарға қатысып, мешітіміздің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбеттің қолынан сыйлықтар алып, мәз-мейрам болысты.
Бүгінгі айт мейрамы осындай жақсы дәстүрдің жарқын көрінісін паш етіп, алматылық тұрғындар мешіттердегі айт намазы мен ондағы басқа да іс-шаралардан мерекелік көңіл-күйді сезінуде. Алланың үйінде бас қосқан жамағат құшақ жайып, бауырмалдық танытып, дұға-тілек жасасты. Ақсақалды аталар батасын беріп, дін өкілдері ел мен жердің амандығын сұрап, Жаратқанға жалбарынды.
Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2015
3840
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру