Ораза айты — бір ай оразаны аман-есен аяқтағаннан кейін, бейне осыған шүкіршілік іспетті илаһи шуағы мол мереке. Ай бойы Алланың разылығы үшін ашқұрсақ жүріп, көзді харамнан, құлақты өсек тыңдаудан, тілді ғайбат сөйлеуден тыйып, көңіл айдынын хақ дариясымен суарып, жүректі ақиқат сырларына малындырып, адамзат баласы «мумин» мақамына көтеріледі. Айт мерекесі айт намазымен басталады.
Алла елшісі (с.ғ.с.) айтты: «Расында, Алла сендерге ол екеуін одан жақсымен алмастырып берді: құрбандық күні және ораза айты күні». (Әбу Дәуід)
Бүгін де барлық мешіттер айт намазына жиналған қауыммен толықты. Жамбыл облысының Орталық «Һибатулла Тарази» мешітінде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 7:00 де қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай мерекелік айт намазы оқылды. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев әкімшілік делигациямен келіп, жиналған жамағатты ораза айт мерекесімен құттықтады. Дәстүр бойынша, айт намазы қасиетті Құран Кәріммен басталып, бас имам Данияр қажы Жұмабаевтың мерекелік уағызымен аяқталды. Келген жамағатқа құрма таралып, «Ораза айт құтты болсын!» атты баннер ілінді.
Сондай-ақ, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысының барлық ауданына тікелей Тараздан және аталмыш аудандардан келетін қоғамдық қатынас көліктері бір күн тегін қызмет етті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2015
3445
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру