Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетіне айттыққа микроавтобус сыйлады (ФОТО)

20.07.2015 3282 0 пікір

Күллі мұсылман қауымының ұлық мерекесі қасиетті Ораза айтта еліміздегі  еңселі діни жоғары оқу орны Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті үшін керемет шашу шашылды.

Ел болашағы  мен ата дініміздің мәртебесі үшін қыз етуші білім шаңырағына  қазақтың жомарт жүректі кәсіпкер азаматтарының бірі Мағауия Ақтөреұлы Мерғалиев мырза су жаңа «Hyundai H-1» микроавтобусын айттық ретінде сыйға тартты.

Университет ұжымы айттықты айрықша қунышпен шашу шашып қарсы алды.  Себебі, осы кезге дейін  Нұр-Мүбарактағы түрлі шаралар, шет елдік құрметті қонақтар  мен мысырлық  ғалымдарға қызмет көрсету үшін осындай көліктің кемшіндігі айқын сезілетін.

Осы жағдайларды байқап жүрген университеттің аға оқытушысы Сейдмұхаммед  Әбдінайым мырза  таныс кәсіпкер ағаларын қолқаласа керек, он екі айдың сұлтаны Рамазан айының берекелі кештерінде  ұсыныс қабыл болған.

Айт күні университет басшылығына темір тұлпарды табыс еткен Сейдмұхаммед Әбдінайым ұстаз арқылы жомарт ағаға алғысын жаудырған оқу орнының ұжымы: «Бұл бізге ғана емес, бүкіл қазақ еліне жасалған айттық »,- деп ағынан жарылды. Мамандар даярлап қана қоймай, ислам білімі мен ғылымының дамуына барынша қызмет етіп жатқан оқу орнының мүмкіндігі молайған сайын, еліміздің болашағына оң ықпал етіп, имандылықтың күшейері сөзсіз. Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Жомарттық – бұтақтары дүниеге жайылған  жәннат  ағаштарының бір ағашы. Кімде-кім сол бұтақтардың бірін ұстаған болса, бұл оны жәннатқа алып барады..» десе, тағы бір хадисінде жомарт адам халыққа, жәннатқа, Аллаға жақын екендігін айтқан.

Осылайша садақа арқылы халқына, еліне, ұрпақ болашағына Алла разылығы үшін үлес қосушы жомарттарға Нұр-Мүбарак университетінің ұжымы  алғыс жаудырып, отбасына, кәсібіне, екі дүниелеріне  қасиетті жұма күніне сәйкес келген Ораза айтта Алладан береке тіледі.

     Айша КЕҢЕСБАЙ

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру