Маңғыстау облыстық отбасылық үлгідегі балалар ауылында айт мерекесіне орай арнайы бағдарлама қойылды. Облыстық мешіттің жастар ісі бөлімінің басшысы, найб имам Елдар Атибековтың Мұнайлы ауданы жастарымен бірлесе ұйымдастырған шарасына балалар ауылының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері қатысты.
Ән мен жыр шырқалып, имандылыққа үгіттейтін сахналық көрініс көрсетіліп, Ислам жайында өлеңдер оқылды. Сондай-ақ, арнайы шақырылған сайқымазақтар шоуы балалармен бірге түрлі ойындар ойнап, олардың көңіл күйін көтеріп, бірге би биледі.
Балалар да өз еркімен ән мен тақпақ айтып өнерлерін көрсетті. Шара соңында балалардың барлығына тәттілер мен сыйлықтар берілді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2015
3301
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру