Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерекедегі қайырымдылық

20.07.2015 2986 0 пікір

Қасиетті Құранда: «Сенен жетімдер туралы да сұрайды. Оларды пайдалы және жақсылап жетілдіру қайырлы іс. Егер олармен бір жерде өмір сүрсеңіз, олар сіздің бауырларыңыз. Аллаһ жетімдерге қамқор болмақ болғандар мен пасықтық жасағандарды біледі»,-деп мәлімделген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқты жәннатта жақын (аға — іні) боламыз», — деп нұсқаушы және орта саусақтарын көрсеткен. Міне, осы аят, хадистерде баян еткендей         Жезқазған аймақтық «Ахмет Ишан Оразайұлы» атындағы мешіті және «Зекет» қорының ұйымдастыруымен Ораза айт күндері қайырымдылық шарасы өткізілді. «Үміт» жетім балалар үйінің жас жеткіншектерін «Азия»  ойын-сауық кешеніне апарып, көңілдерін сергітті. Балалардың жүздерінде қуаныш ұялап, мерейлері көтерілді. Ойын-сауық кешенінің қызметкерлеріне орыс ұлтының бес-алты жасар балалары: -Тәте мынау ойыншықтарды қосып беріңізші, - деген қазақша сөздері  көнілдерін көтеріп, қатты  тебірентті.  Содан соң қаламыздың дәмханасында балаларға арнайы дәм, сусындар және балмұздақтар берілді.

Осындай игі іс-шараны ұйымдастырғаны үшін мешіт имамдарына өз ризашылықтарын білдірді.

 

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы

                                                        бойыша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру