Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешіттегі айт намазы

20.07.2015 3218 0 пікір

Қостанайлық ағайындар биыл да өздерінің ислам дініне деген құлшынысын көрсетті. Бұл сөзімізге өткен жұма күні таңертең сағат 7 — де облыстық Марал ишан мешітіне жұртшылықтың Ораза айт намазына барынша көп жиналуы жарқын айғақ.

Олардың арасынан жасты да, кәріні де көресіз. Жоғарыда аталған мешіттің қызметкерлері Ораза айт намазына  келген қауымды жылы жүзбен қарсы алды. Имандылық ордасының іші де, сырты да халыққа лық толды. 

Жиналғандарды жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов Ораза айтпен шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, отбасында бақыт, жұмыстарында табыс тіледі.

Мешітте Ораза айттың өзіндік ерекшелігі туралы уағыз айтылды. Сондай-ақ дүниеден өткен ата-бабаларымыздың әруақтарына  құран бағышталды.

"Шынымды айтсам, үстіміздегі жылғы Рамазан айы өте жоғары деңгейде өтті. Маған әсіресе, жас жігіттер мен қыздардың ораза ұстап, бүгінгі айт намазына да таңертен уақытпен санаспай келгені шын мәнінде қуантты", - дейді Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалының төрағасы Жақсылық қажы Ғайсин.

 

 

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызмет

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру