Өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметов облыстық орталық мешітке арнайы келіп, айт намазына қатысып, облыс жұртшылығын Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Алла тағаланың разылығы үшін отыз күн ораза тұтқан исі мұсылман баласы үшін бүгін ұлық мереке – Ораза айт мерекесі.
Бұл күнді біздер Алла тағала қасында ұлық болған Рамазан айын зор құрметпен шығарып салып тұрып, үлкен сауап пен нығыметке қауышқанымыз үшін мерекелейміз. Таң сәріден мешітке ағылғандар қатарының әдеттегіден көп болуы да содан болар.
Облыстық мешіттің бас имамы Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов мешітке келген жамағат алдында он екі айдың ішінде ұлық болған Рамазан айының қасиеті, айт мерекесінің ерекшелігі жөнінде уағыз айтып, дініміздің қуатты, күніміздің шуақты, аспанымыз ашық, ел іргесінің бүтіндігін Алла тағаладан тілеп дұға жасады.
Айт намазына арнайы келген өңір басшысы Даниал Кенжетайұлы Ахметов мұсылман жамағатын Ораза айт мерекесімен құттықтап, Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатына сай барша облыс жұртшылығына бірлік пен береке, өзара түсіністік пен ынтымақ тіледі.
Келесі кезекте намаздан шыққан жамағатты мешіттің кең ауласында жайылған ақ дастархан күтіп тұрды. Көпшілік қауым айт дастарханынан дәм татып, бір-бірін айт мерекесімен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй, шат сезіммен тарқасты.
ҚМДБ-ның Өскемен өңірі
бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.07.2015
2834
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру