Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаж жамағатқа қайырымдылық жасалды

17.07.2015 3641 0 пікір

Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айда әрбір жүрегі жомарт жан жақындарына жақсылық жасап, жәрдем беруге жаны құмар келеді. Осы қасиетті айдың аясында Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті мен ҚМДБ «Зекет» қорының өңірдегі өкілдігі 15-шілде күні мұқтаж жамағаттарға арнап қайырымдылық шара өткізді.

ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров жамағатқа исламның мән-маңызын түсіндіріп, дін атын жамылған ағымдардың теріс пікірлерінен сақтануға шақырды. Сондай-ақ, исламның әдептілікке құрылған таза дін екенін жан-жақты түсіндірді.

Мұнан кейін «ҚМДБ Зекет қоры» Корпоративтік қорының Атырау облысы бойынша өкілі Сембай Жолдасов «Иманғали» орталық мешіті және «Зекет» қоры атынан мұқтаж жамағатқа азық-түлікпен қатар, әрбіріне қаржылай да қайырымдылық көмек жасалды.

Атап айтқанда, отыз жеті мұқтаж отбасыға 15 000 теңгеден жалпы саны 555 000 теңге үлестірілді. Қайырымды айда өтінішке құлақ асып, көмек көрсеткен ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілдігі мен Зекет қорының өңірдегі өкілдігіне жамағаттар шексіз ризашылықтарын білдірісті.

 

«Иманғали» орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру