Облыстық мешіт жанындағы Жастар ісі бөлімінің ұйытқы болуымен Шымкент қаласындағы “Шымкент” қонақ үйінің мейрамханасында 120 адамға ауыз ашар берілді.
Облыстық мешіттің найб имамы әрі жастар бөлімінің жетекшісі Т.Дәрібаев жиналған көпшілікке уағыз айтып, атқарып отырған жұмыстары туралы баян етті.
Мұнымен қатар, белгілі өнер жұлдызы Еркін Нұржанов, “Нысана” әзіл-ысқақ театрының әртістері қатысып, рухани кештің әрін кіргізді.
Сондай-ақ, көпшілікке арнап сұрақ-жауап ойындары ұйымдасытырлып, сұраққа дұрыс жауап бергендерге тұрмыстық техтикалық заттар хадия етілді.
Жиын барысында келген қонақтарға “Намаз үйренейік”, “Кілем жайнамаз” т.б. кәде-сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.07.2015
3123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру