Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Төле би» мешітіндегі мерейлі мереке – Ораза айт

17.07.2015 3076 0 пікір

Биыл Алматыдағы «Төле би» мешітінде Ораза айт мерекесі жақсы дайындықпен қарсы алынды. Кеше мешітімізде мұсылманның ұлық мейрамы алдында арнайы сенбілік өтті.

Бір қызығы, соңғы жылдары мешіт жамағаты көбеюіне орай, Алла үйіне сыймағандар көшеде айт намазын өтеді. Мешітке 4 мыңнан астам жамағат жиналды. Бас имам Кенжеәлі  қажы Мырзабай барша мұсылман үмбетін айтпен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Ораза айт – бірліктің, игіліктің, мейірімнің, өзара достықтың мерекесі. Ораза айт баршамызға мүбәрак болсын. Алла Тағала айттан айтқа аман-есен жете беруімізді нәсіп етсін», – деді К.Мырзабай.

«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру